ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАҒАН ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛ АЛДЫ

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эстафета жолдаған болатын. Оны әнші Д.Құдайберген, білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова қабыл алды.

Әнші Instagram-дағы парақшасында Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыған видеосын жүктеді. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым». Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым #dears-тарға жолдаймын» деп жазды әнші постында.

d

Кеше білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін жатқа оқып, эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, ЖОО ректорларына, оқушылар мен студенттерге жолдады.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлы өлеңдерінен үзінді оқыды. Ол Абай жырларын жатқа оқу эстафетасын Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке, сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткеріне жолдады.

 

a

Мат. Ашық дереккөзден.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT