Президент карантинге байланысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде карантинге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - делінген Президенттің жазбасында.

Еске салайық, 25 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8531-ге жетті, 4515 адам сауығып, 35 науқас қайтыс болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521