Өңірде облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар іріктелді

Атырауда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының XXXYIII кезектен тыс конференциясы болды. Онда Атырау облыстық мәслихатына кандидаттарды ұсыну үшін, праймериз қатысушылары арасында дебат болып өтті. «Конференция жұмысына Атырау облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетов қатысты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

img-20201112-wa0003

Барлығы 27 үміткер өзекті мәселелерді көтерген дебат барысында праймеризге қатысушы, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж директоры Бақыт Шеркешбаева оқу орындары жанынан жұмыспен қамту орталықтарын ашуды ұсынды. Оның пікірінше, мұндай орталықтар жас мамандарды жұмысқа орналастырудың негізгі тетігі бола алады.

img-20201112-wa0001

img-20201112-wa0007

Праймеризге қатысушы, Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева болса, Атырау қаласын «қауіпті экологиялық аймақ» деп тануды ұсынды.

img-20201112-wa0010

«Мұнай мен газ өндіру секторында жетекші орын алып отырған Атыраудың экологиялық қауіптілігі мойындалса, тұрғындарға өтемақы төленер еді. Сонымен қатар, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға көбірек мән беруіміз керек. Сәбилер балабақшаларға екі жастан бастап қабылданады. Оларға ерекше күтім керек. Сондықтан, сәбиге төленетін жәрдемақыны үш жасқа дейін созуды ұсынамын»,- деді Нәсіп Шалабаева.

img-20201112-wa0009

Дебат барысында көтерілген өзекті мәселелердің бірі - су тапшылығын жою. Праймериздің ең жас қатысушысы - Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғы операторы Бексұлтан Дүйсенғұлов өркениетті елдерде канализациялық ағын сулар қайта өңделіп, пайдаланылып жатқанын атап өтті.

img-20201112-wa0000

«Израиль қолданылған судың 80 пайызын қайта кәдеге жаратады. ТШО компаниясы да голландиялық технологияны қолданып отыр. Соңғы он жылдықта дүниежүзілік жылыну, климаттық өзгерістер және қардың түсуі, жауын – шашынның азаюының кері әсері қатты байқалуда. Бұл жағдай жалғаса берсе, Жайық өзені тартылып бітеді. Ресми деректерде өткен жылы су мөлшерінің 40 пайызға дейін азайғаны айтылады»,- деген ол пайдаланылған суды тағы қолдану жобасын іске қосуды ұсынды.

img-20201112-wa0008

Атырау облысына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, шешу жолдары да ұсынылған дебат соңында сессияға қатысушылар Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына ұсынылатын кандидаттарды анықтау мақсатында дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика