Мемлекеттік қызметші-мемлекеттің айнасы

Биылғы көктемгі су тасқыны облысымызға айтарлықтай қауіп төндіргені баршаға белгілі. Облыста Жайық өзені бойында орналасқан бірінші аудан ретінде өр суын алғаш болып Индер ауданы қабылдады. Ауданда су тасқынының алдын алу шаралары сәуір айынын бастап жүргізілген еді. Осы уақыт арасында күллі Дендерліктер туған жерімізді тілсіз апат - су тасқынынан қорғап, қыруар еңбек етті. Аудан бойынша барлығы 9 елді-мекенде су тасқынына дейін ұзындығы 17 850 м қорғаныс бөгеттердің шөгілген орны болды. Осы бұрынғы бөгеттердің орнын қайта көтеріп соғып, оған қосымша 16 860 м соғу арқылы, жалпы ұзындығы 34 510 метрге ұзартылды. Жалпы аудан бойынша қауіпті аймақ саналған Жарсуат пен Құрылыс ауылдары болды.

Жарсуат ауылдық округінің әкімі Ербол Бөкеев көктемгі су тасқыны кезінде аудан бойынша қауіпті аймақта өр суының алдын алу шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Өзіне жүктелген міндетті мемлекеттік қызметші ретінде жоғары деңгейде орындап, ауыл тұрғындарын біріктіріп күндіз-түні бөгет басында ұйымдастыру жұмыстарын атқарды. Екі елдімекенде 13 кмге жуық бөгет соғылды. Жасалған жұмыстың арқасында аталған ауылдар су тасқынынан абыроймен өтті. Мемлекеттік қызметте 14 жыл еңбек өтілі бар Ербол Ержанұлы ілкімді істердің бастамашысы бола білді. Жарсуат ауылдық округіне әкім болып келгеннен бастап, ауылда бірқатар жұмыстар жасалды. Айта кетсек, ауылға жаңадан салынған спорт кешені мен спорт алаңы пайдалануға берілсе, ауыл көшелерінің жарық шамдарын заманауи ЛЕД шамдарына ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, Жарсуат ауылында биыл аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік жағынан осал топтар мен көп балалы отбасылар үшін 10(он) тұрғын үй беріліп, тұрғындар жаңа үйде қоныс тойын тойлады.

Ербол Ержанұлы ауыл халқы алдында абройлы, өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен халықтың көңілінен шығып келеді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT