Мақсатым - елдің үмітін ақтау

19 наурыз күні елімізде саяси маңызды науқан орын алып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өткен болатын. Саяси додада бір мандатты №2 округтік сайлау учаскесінен мәслихат депутаттығына кандидат болдым. Аудандағы бірқатар нысандарға, тұрғындарға барып бағдарламамды таныстырдым. Осы орайда, маған сенім білдірген барлық сайлаушыларыма, жанашырларыма, сенімді өкілдеріме ризашылығымды білдіремін.

Сайлаудың өту барысына келсек, әділ өтті деп айта аламын. Учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасады.

Алдағы мақсатым өзіме сенім білдірген елдің үмітін ақтап, олардың оң нәтижесін табу жолында еңбек ету. Президентіміз айтқан Жаңа Қазақстанды құру саясатына қолдау білдіріп, өз үлесімді қосқым келеді.

Ақжібек Сабырғалиева,

2 округтік сайлау учаскесінен кандидат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521