Көптоғайда шекара қызметі тұрғызып жатқан инженерлік қоршаулар тоқтатылды

“Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылына Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Әлібек Нәутиев пен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департментінің бастығы Асхат Ахметов арнайы барды”, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Олар Мемлекеттік шекара бойында орналасқан инженерлік қоршаулар жүргізуге қатысты жергілікті тұрғындармен тілдесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

img-20210420-wa0015

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков:

“Сіздер айтқан барлық ұсыныстар мен талаптарды облыс әкімі мен тиісті мемлекеттік құзырлы органдарға жеткіземіз. Оны жан-жақты қарап талқылау, зерделеу үшін, әрине, уақыт керек. Шешімі шыққаннан кейін, қосымша хабарлаймыз”-деді.

img-20210420-wa0014

Қазіргі таңда тұрғындардың өтініштеріне байланысты малды өзеннен суаруға, балық аулауға және ауыз су ретінде пайдалануға ешқандай кедергі жоқ. Шекара қызметі тұрғызып жатқан инженерлік құрылғылар (қоршаулар) тоқтатылды.

img-20210420-wa0013

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Асхат Ахметов қоршаулар алынған соң алдағы уақытта Мемлекеттік шекара маңында жайылып жүрген малдарды қадағалаусыз жіберіп, олардың арғы бетке өтіп кетпеу мәселесіне әр азаматты жауапкершілікпен қарауға шақырды.

img-20210420-wa0012

Сондай ақ, ол Мемлекеттік шекара бойында әртүрлі шаруашылық түрлерімен айналысуда, әсіресе балық аулау, мал күтімдері кезінде жалпыға бірдей заң аясында әрекет ету керектігін атап өтті.

Бұған қоса ҚР азаматтарына Мемлекеттік шекара белдеулерінде шаруашылықпен айналысуға арналған рұқсаттама рәсімдеу түрлері біршама жеңілдетіліп, электронды түрде қысқа мерзімде жүзеге асырылып жатқандығына да тоқталды.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика