Халық қолдауы қашанда маңызды

 Биылғы жылы алғаш рет өкізіліп отырған ауыл әкімдерінің сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр.

Махамбет ауданына қарасты жалпы 9 ауылдық округ бар, соның ішінде Ақжайық ауылдық округі, Есбол ауылдық округі, Бейбарыс ауылдық округі және Сарайшық ауылдық округтерінде сайлау өтеді. Қазіргі таңда 13 үміткер тіркелді.

Оның ішінде 6 үміткер саяси партиялардан, қалған 7 үміткер өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлер үгіт-насихаттарын тиянақты жүргізіп жатыр. Үміткерлердің құжаттарын қабылдағанда құқық қорғау органдарынан, салық комитетінен, тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтамаларды толық тексеріп, жіті қадағалап қабылдадық. Аудан бойынша сайлаушылар саны 5871 болып тұр. Халықтың белсенділігі өте жоғары.

Биылғы сайлаудың ерекшелігі - халық пікірінің ескерілуінде. Халық өзі сайлаған үміткерге, сол ауылдың өзекті мәселесін алға тартып өз ойын еркін жеткізе алады. Бұл өткір тұрған көптеген мәселенің шешілуіне әкелері анық. Сағынбай Шотпақов, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521