Халық әділдікті күтеді

Бұл сайлаудың ауылдың болашағы үшін пайдасы зор деп есептеймін. Халық өздерінің парасатты, ауылды алға жетелейді дейтін азаматын таңдайды. Соған мүмкіндік беріліп отыр.

Енді сайланған әкім орталыққа қарап шешім қабылдамайды. Ауылдағы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс жасайды. Сол аймақтың даму жоспарын айқындайды. Соған қажетті қаражатты бекітеді. Жүйелі жұмыс жүреді деп ойлаймын.

Қазір құдайға шүкір ауылдарымыз біраз жаңарып қалды. Жолы, газы, тоғы тағы басқасымен толық қамтамасыз етілді. Әлі де дами береді. Әрине аманатқа қиянат жасалмай, тұрғындардың таңдауы болуы тиіс. Сайлау әділ өтеді дегенге сеніммен қараймын. Сонда ғана халық пен әкім бірігіп ауылды гүлдендіріп әкетеді.

Әлия ҚАРАШИНА,

аудандық мәслихат депутаты

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика