«Көрші ауылдың дәрігерін күтіп отырамыз»

Алдыңғы аптада Өрлік ауылындағы тұрғындар жиынына аудан әкімі Серік Арыстан, аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров пен тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысып, онда округ әкімі Нариман Нұрмұхановтың халық алдында өткен жылы жасалған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалды.

Округтегі 21 шаруа қожалығының біреуі егін, қалғаны мал шаруашылығымен айналысып отыр. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Ынтымақ» ШҚ 153 – қой малына және «Ақтай», «Талапкер» ШҚ 2 – аталық сиыр, 66 – бұзау, 10 – қошқарға субсидия алыпты. Жалпы алаңы 53 гектар жерге өткен жылы егін егілсе, оның ішінде ЖК «Тлегенов» 17 гектар жерге егін салыпты. Сондай-ақ 12 азық-түлік, 2 киім-кешек дүкені мен бір-бірден дәріхана, шаштараз, көлік жөндеу орталығы және 3 тойхана мен 2 мал сою пункті халық игілігіне қызмет етсе, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 4 адам 20 500,0 мың теңге несие алып, кәсіптерін бастапты. Одан әрмен баяндамашы халықты жұмыспен қамту саясаты мен денсаулық сақтау және білім беру саласына тоқталды:

–Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер, 11 орта буын қызметкер жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта күндізгі 7 кереуеттегі науқастарға диагнозын қойып, орналастыратын дәрігер маман жоқ болғандықтан Есбол ауылынан аптасына бір мәрте дәрігер келіп науқастарды қарап отыр,-дей келе, бюджет және салық түсімдерінің орындалысы мен қылмыс және қылмыстың алдын алу жұмыстары жөнінде де мәлімдеді. Сонымен қатар мәдениет және спорт саласындағы жұмыстармен алдағы міндеттерге тоқталды.

Одан соң аудан басшысы С.Арыстан өткен жылдың маңызды оқиғаларына және ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына тоқталған соң, Елбасының биылғы Жолдауындағы жүзеге асырылуы тиіс он міндетке мән берілгендігін жеткізді. Кейін әр округтің жұмысын зерделеген тұста, Өрлік ауылдық округі төменгі нәтиже көрсетіп отырғанын, соған сай жаңа басшыға әлі де жұмысты жандандыру керектігін міндеттеді. Алдағы уақытта берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, тапсырмаларды мерзімінде орындау қажеттігін де баса айтты.

Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарына тиісті бөлім басшылары нақты жауап берген соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі Серік Бисешұлы қазақта «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас» деген барын, сондықтан да ауылдағы жұмысты біріңіз басшы, қалғандарыңыз қосшы бола бірлесе жұмыс жасау керектігін айтты.

Жиын соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Диас АЙБАРОВ.

Өрлік ауылы.

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика