Қателесіп басқа кандидатқа дауыс берген жағдайда бюллетеньді ауыстыруға бола ма

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке лақтырғанға дейін өзгертуге болады.
 
"Егер сайлаушы өзі қатесін көрген болса,бюллетеньді (комиссия мүшесіне – ред.) апарып, дұрыс белгілемегенін айтып, ауыстыра алады. Онда бірінші бюллетень бүлінген деп есептеледі де, пайдаланылмаған сайлау парақшаларымен бірге жойылады".Айгүл Қалықова

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы сайлау бюллетенін тек бір рет өзгертуге болатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521