Іске,сәт!

Жаңа Қазақстан құру жолындағы еліміз үшін маңызды сәт басталды. Бұдан бұрын Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлағандай сайлау учаскелері сақадай сай. Соның бірі 112-ші сайлау учаскесінде таңдау Әнұранмен салтанатты түрде ашылды.

07170970-7a82-4fa2-9c42-523c9315bda6
Сайлау комиссиясының төрағасы Гүлайым Жаңбырбаеваның айтуынша мұнда 1475 сайлаушы бар. Оның ішінде, 12-сі мүмкіндігі шектеулі жан болса, 12 жас сайлаушы бар екен. Оның 7-і алғаш рет дауыс бергелі отыр. Сайлау учаскесінде мүгедектердің дауыс беруіне, байқаушыларға толық жағдай жасалған. Осылайша халқымыз еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды кезеңге кірісті. Ендеше, іске, сәт!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT