Қазақстанда шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өзгермейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Еске салсақ, 2 қаңтарда Жаңөзенде тұрғындар газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа шыққан еді.
Тұрғындардың сөзінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында газ бағасы 120 теңгеге жеткен.
Халықтың наразылығына қатысты мемлекет басшысы пікір білдіріп, үкіметке тапсырма берген еді.
Кейінірек, бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды.