Бизнестің дамуына зор үлес

Жолдаудың негізгі ерекшелігі мемлекеттің экономикаға көзқарасының түбегейлі өзгеруі.

Соның ішінде мемлекеттің экономикаға әсері, мемлекеттік секторлардың бәсекелестік нарыққа көңіл бөлуі, мемлекеттің холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін талдау бойынша, компаниялардың санын азайту туралы берген тапсырмалары – экономиканы инклюзивті экономикаға апаратын жол.Бұл қадамдар мемлекетте бәсекелестік нарығын дамытып қана қоймай, сонымен қатар шағын және орта бизнестердің дамуына зор үлес қосуына, болашақта ел экономикасын жаңа белестерге жеткізетін сенімді бағыт. Осы орайда Президентіміз шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктер мен қолдаулар мемлекет тарапынан одан әрі қолдау табатынына нық сеніммен айтуда.

Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржылық қолдау «Бизнестің жол картасы» аясында үш жылдың ішінде 250 млрд. теңгеге дейін қосымша бөлу туралы үкіметке берген тапсырмасы, бұл саланы дамыту ол мемлекет саясатының басты бағытына айналатынын көрсетіп отыр. Бұл шаралар атап айтқанда, ең алдымен мемлекет тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.

Мемлекет дамуы - ол халықтың табысына тікелей әсер етеді. Болашаққа деген үлкен сеніммен біз кәсіпкерлер әрқашан елбасымыздың халыққа жолдаған Жолдауын қолдап, болашаққа зор үмітпен қараймыз.

Ақжібек САБЫРҒАЛИЕВА,

жеке кәсіпкер

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика