Биылғы Президент жолдауында білім беру саласына ерекше көңіл бөлінгені қуантарлық жағдай. Ұстаздардың беделін арттыру, оқу бағдарламаларын жаңғырту, цифрлық білім мазмұнын дамыту – уақыт талабы. Жолдауда мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастамалар да нақты көрсетілді. Бұл – білім сапасына тікелей әсер ететін маңызды қадам.
Сонымен қатар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, заманауи әдістемелерді енгізу, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету – біздің алдымызда тұрған үлкен міндет. Жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беруде мұғалімнің еңбегін бағалауға бағытталған шаралар – қоғамның болашағына жасалған инвестиция деп білемін.
Жолдауда ұсынылған реформалар білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеретініне сенемін. Біз, ұстаздар қауымы, осы мақсаттарды жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Аманжолова Маргарита
Аққала орта мектебінің мұғалімі

