Балаға қылмыс жасаушылар жазасы күшейтіледі

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында қоғам өмірінің негізі болып табылатын экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени - рухани салаларындағы өзекті мәселелерді толығымен қамтып отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан болашағы үшін жасалатын шаруалардың қыруар екендігін, тіпті, мемлекет дамуына басқаша көзқараспен қарап, оны жаңа деңгейге көтеру үшін өзінің ештеңеден тайынбайтындығын айтты. Сол бағытта нақты қадамдар ұсынды, атқарылу жолдарын меңзеді, оның мақсаттарын айқындап берді. Бұл қадамдар – елінің қамын ойлайтын азаматты елең еткізбей қоймайтын, ереулі атқа ер салғызып, ұлт болашағы үшін Ұлы жолда бірге болып, қызығы мен шыжығына атсалысуға шақыратын өте ауқымды дүние екені даусыз.

Атап айтатын болсақ, Жолдауда жер, тіл мәселесі, мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қор қаражаты, мұғалімдердің жалақысы , жатақхана мәселесі, тұрғын үй, жергілікті әкімдердің қызметі тәрізді халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді көтерді. Сондай-ақ қылмыстарға қатысты жазалау шаралары туралы мәлімдеді. Яғни, жедел түрде сексуальды зорлық, педофильдер мен есірткі таратушылар, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зорлық көрсету, жеке тұлғаға қатысты қылмыстар, оның ішінде балаға қатысты қылмыс жасаушыларға жазаны күшейту керектігін айтып өтті. Ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, азаматтық, қоғамды қолдау, саяси трансформацияны жалғастыру, ішкі істер органдарын реформалау секілді осы және басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауында заманауи тиімді мемлекет құруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ аймақтар мәселесі туралы да атап өтті. Сол тапсырмасын қайталап, әсіресе балаларға қарсы қылмыс үшін жазаны қатаңдатуды баса айтты. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілген. Ол үшін азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтудің шешуші факторы сот және құқық қорғау жүйесін терең реформалау керек екендігі айтылды.

Мұның бәрін Президент бізге және осы саладағы мамандарға арнайы жолдады. Қазақта жақсы сөз бар: «Тауық сойса да, қасапшы өзі сойсын деген», - бізде өз саламызға қатысты Жолдауда айтылған талаптар мен міндеттерді толық орындасақ еліміздің ерт еңі бүгіннен де жарқын болары сөзсіз. Сондықтан да, жаңа саяси бағытты дұрыс ұстанып біз жоспарлау көкжиегін кеңейтіп Ата Заңнын аясында заңды тұрғыда серпіліс жасауымыз керек.

Жанат ХАБАРОВ,

аудандық соттың төрағасы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика