Қазақстанда 3 тамыздан бастап карантин режимі қалай жеңілдей бастайды?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, карантин режимінің жеңілдеуіне коронавирус жұқтырғандар саны мен COVID-19-дан қайтыс болғандардың деңгейі мен төсек-орындардың аптасына 70 пайыз ғана толуы әсер ететінін айтты.

Мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:

- ОСО, СО, уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарлар;

- Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

- Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелері;

- Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары.

Сондай-ақ: - әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға.

Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға;

- Тұрғындардың көшелерде жүруіне, саябақтарға, скверлерге және жағалауларда

- үш адамнан аспайтын топтарға;

- Қоғамдық көліктің маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді және кондукторлар бар жағдайда,

уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және адам саны 50 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Алайда келесі шараларға тыйым салынады:

- жаппай тойлау шаралары, көңіл көтеру мекемелерінің, кинотеатр, фудкорт, банкет залдарының;

- мейрамхана, бар, түнгі және ойын клубтарының;

- мәдени нысандар, музей, конференция, көрме, форум ұйымдастыруға тыйым салынады;

- спорт залдары, фитнес залдары, бассейн, аквапарктардың;

- діни нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика