banner_damu

Атырауда сайлаушылардың 80 пайызға жуығы дауыс беруге қатысты

Бүгінгі ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Қорытындысы қашан? Бұл сұрақтардың жауабын Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ Ол, алдымен, сағат 21:00-де келіп түскен статистикамен бөлісті. ​ – Атырауда сайлаушылардың 74,4 пайызы дауыс берді. Оның ішінде,

Қызылқоғада — 85,8; Исатайда — 85; Жылыойда – 80,7; Индерде — 77; Махамбетте — 80,8; Құрманғазыда – 71,7 және Атырау қаласында — 66 пайыз. Ал, сайлаушылардың жалпы саны – 44305. Сайлау округтерінің саны – 18, – деді комиссия төрағасы. ​

Осыдан кейін спикер тұрғындардан түскен сауалдарға жауап берді. ​ – Сайлаудың есебі әлі жүріп жатыр. Бірақ, алдын ала мәлімет бойынша барлығы 175 байқаушы қатысты. Оның 19-ы – БАҚ, 89-ы – қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйым, 46-сы – саяси партия өкілдері және 21-і – үміткерлердің сенім білдірген адамдары. ​

Ал, карантин талаптарына байланысты орын саны шектеулі болғандықтан учаскеге кіре алмаған байқаушыларға сайлау комиссиясы түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы, байқаушылар тарапынан түскен арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Карантин талаптары мен сайлау заңнамасы бұзылған деректер тіркелмеді, – деді спикер. ​

Айта кетейік, сайлау қорытындысы нақты ертең, яғни, 26 шілде күні сағат 15:00-де шығады деп жоспарланып отыр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика