Атырауда мұнай және газ университеті референдум тақырыбын талқылады

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушы-професорлар құрамы мен студент жастары референдум тақырыбын талқылады.

Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері және реформалардың негізгі бағыттары талқыланды.

Университет ректоры, әрі Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының төрайымы Гүлзада Шакуликова Ата Заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер туралы айтып берді.

- Бұл өзгерістер бәріміз үшін маңызды. Біз демократиялық даму жолындамыз - деді спикер Гүлзада Шакуликова.

412e2137-b953-42b9-9ba5-32cf2c9dcb43

Университеттің доценті, тарихшысы және Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының мүшесі Болат Нығметов Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын жалпыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Еліміздің дамуына әр азамат жауаптымыз - деді Б.Нығметов.

Бұдан бөлек, оқытушылар мен студенттер де өз ойларын ортаға салып, 5 маусым күні өтетін референдумға қатысуға шақырды.

Еске сала кетейік, еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңаша сипат беретін референдум - жалпыхалықтық деңгейде өткелі отыр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика