Атырауда байқаушылар алдағы сайлауға дайындықты бастады

Облыс бойынша байқаушылардың партиялық емес бірлестігі ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

25 шілде республика бойынша аудан және ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлаудағы ерекшелік - әкімдерді халықтың өзі сайлайды. Партиялық емес байқау орталығының басшысы Дәурен Сейтқалиевтің айтуынша, қазір сайлау уческелеріне бақылаушыларды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Біздің негізгі мақсатымыз – сайлаудың әділ өтуі. Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі, оның ішінде қалада 7, аудан бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Облыс бойынша 150-ге жуық байқаушы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Сайлау ережелеріне сай байқаушыларға арналған семинар-тренинг оқыту іс-шаралары өтеді, – деді Дәурен Сейтқалиев.

Сайлау күні бізбен бірге уческелерге барып, байқаушы боламын деген кез-келген ерікті азамат алдын ала тіркеуден өтуі қажет.

Байқаушыларды тіркеу «Студенттер» даңғылы, 211 «а» (Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі ғимараты) мекен-жайында жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика