Өткен аптада «Атырау адалдық алаңы жобалқы кеңсесі Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті,тырау облыстық денсаулық сақтау басқармасыт және Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Саналы ұрпақ» облыстық слетын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында рухани адамгершілік жəне азаматтық-патриоттық тəрбиемен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады «IQ-зияткер» ,бірінші орынбасары А.Мамыт, облысық білім беру басқармасы басшсы С.Есенғалиев , жобалық кеңсе жетекшісі А.Адиева, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев және өңірдің 14 колледжінің студенттері мен ұстаздары қатысты.
Облыстық слет жұмысы пленарлық отырыспен басталды. Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Атырау облысында 2020-2021 жылдары орын алғын парақорлық әрекеттерінің статистикасын баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына тоқталды. Слет қонағы Республикалық «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы «Саналы ұрпақ» клубтарының қоғамға берер пайдасы мен жоба аясында Атырау өңірінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Транспарейшен Казахстан мекемесінің статистикасына сәйкес сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша Атырау облысының білім беру саласы алғашқы орында. Осы жағдаятты баяндама барысында тілген тиек еткен Қайыржан Ахметбекұлы «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының білім беру ордаларында күшейтуді ұсынды. Облыстық слет жұмысының екінші кезеңі «Student life» деп аталды.
Бұл кезеңде командалар «IQ-зияткер», «Ойла-Тіmе», «ТеатрZone» бөлімдерінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы бақ сынасты. Жеңімпаз командалары департамент басшысының арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында фойеде орналасқан «Саналы ұрпақ» кулбының жұмыстары қойылған көрме жұмыстары таныстырылды.