Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 13 шілде - Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді.

Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен, "Әр қазақ – менің жалғызым" дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", – деді Мемлекет басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521