1 ақпаннан бастап валюта айырбастаудың талабы өзгереді

Бірінші ақпаннан бастап ақша айырбастауға байланысты талап күшейтіледі, деп хабарлайды «24 kz».

Енді бір доллар айырбастасаңыз да, жеке куәлік керек болады. Бірақ кассир мекенжайыңызды сұрамайды. 2018 жылдан бері 500 мың теңгеден астам қаржыға валюта алсаңыз мекенжайыңызды көрсету міндеттелген. Бұл өзгерістер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы жасалған амалдар дейді мамандар. Бұған қоса ақша айырбастау пунктерінің жарғылық капиталы артады. Қор мол болса, валюта тапшылығы болмайды. Сондай-ақ бірінші ақпаннан бастап ақша айырбастау пунктері таңертеңгі тоғыздан кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істейді.

Ал ірі сауда орталықтарында орналасқандар түнгі онға дейін, әуежай, теміржол вокзалы, шекара бекеттеріндегілер тәулік бойы ашық болады. Ләззат Үсенбекова, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры: – Валютаны айырбастаған кезде валютаның құны айырбастау пунктерінде Қазақстан қор биржасының курсына байланысты негізделеді. Ал Қазақстан қор биржасының саудасы күндізгі уақытта жүргізіледі.

Соңғы сауда сағат 17:00-де бітеді. Ал бұрынғыдай түнімен жасай берсе, айырбастауды ертеңіне Қазақстан қор биржасының бірінші саудасы ашылып, жабылғаннан кейін курс мүлдем басқа болып өзгеріп кетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика