Атыраулық полицейлер жол бойындағы көлікке өзі соғылған деп тараған бейнежазбадағы азаматты анықтады.
30 қаңтар күні Атырау қаласы Ғ.Абдрахманов көшесінің бойында келе жатқан Toyota Camry автокөлігінің келіп қалғанын байқамаған 38 жастағы жаяу жүргінші өзі барып соғылған.
Осы факт бойынша жаяу жүргіншіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615 бабы 1 бөлігімен, яғни жаяу жүргіншілер өтуге арналмаған жерден өткені үшін хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Атыраулық полицейлер жолда жүру қауіпсіздігін назардан шығармауға шақырады!
Атырау қалалық Полиция басқармасы