Жаңалықтар мекені

Астана қаласында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бес жылдығына орайластырылған жастардың өзекті мәселелері бойынша шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткізілген конференцияда «Болашақ мамандықтары: Y, Z ұрпақтары қандай бағытқа дайын болуы керек?» тақырыбындағы сауалдарға жауаптар ізделінді.

Елордамызда өткен 14 облыс пен 2 қаланың үздік жастары бас қосқан конференция жұмысына Атырау облысы делегаттарының мүшесі болып қатысу аудан атынан маған бұйырды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Д.А.Кәлетаев, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы      Р.Өрсариев, мүдделі мемлекеттік органдардың, дипломатиялық қызмет өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар жастармен жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Модераторлар мен спикерлер ретінде Almaty Management University       директоры А.Б.Қожахметов, «Нұр Отан» партиясының саяси қызмет Депертаментінің директоры Д.Е.Жумин, қоғам қайраткері және саясаттанушы Н.Саясат, «Атлас новых профессий» жобасының жетекшісі А.Д.Судаков   (Ресей Федерациясы), Жастар саясаты лабораториясының сарапшысы Бакальсо Мария Кристина (ГФР), тағы да басқалары сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті.

Елбасы кітапханасында өткен конференция жұмысы да екі бөлімнен тұрды: пленарлық отырыс және «Футурология және болашақтың мамандықтары», «Қазіргі әлемдегі білім: Y,Z ұрпақтарының рухани-адамгершілік идеалдары», «Жұмыспен қамтудың жаңа формалары және озық білім беру» тақырыптарында секция жұмыстары жүргізілді.

Ең алдымен, «Y, Z ұрпақтары кім?» деген сауалға Алматы менеджмент университетінің президенті А.Қожахметовтің салыстырмалы түсініктемесі бойынша жауап берсем. Мәселен, 1984 пен 2002 жылдары аралығында өмірге келген азаматтарды Y ұрпақтарына жатқызамыз. Себебі, олар әдетте ата-анасына тәуелді, барлығына бірден қол жеткізуге асық, алайда аңғалдығы басым  болады. Ал, 2003 жылдан кейін дүниеге келгендер ерте жастан қаржылай тәуелсіз болуға ұмтылады.

Конференция жұмысына қатысқан сарапшылардың ойынша, біздің жастарымыз болашақта гуманитарлық және техникалық мамандықтарды ұштастыра білуі қажет. Пленарлық отырыста баяндама жасаған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің айтуынша, жастар үшін білім алу, жұмыспен қамту және отбасы құндылығы бүгінгі күн тәртібінде қаралған ең өзекті мәселелер болып табылады. Сондай-ақ, министр Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жастар саясаты мәселелерін шешудегі маңызына кеңінен тоқталды. 

Екіншіден, біздің экономика саласындағы мәселелерден гөрі ертең не болатынын қарауымыз керек. 2020 жылдан кейін бүгінде көбімізге таңсық саналатын мамандықтар жоғары сұранысқа ие болады.

Олар – инженер, үлкен деректер, яғни Big Data талдаушысы, сатылымды дамыту өкілі, клиент табысының менеджері, бренд-әріптес, жеке несие кеңесшісі, тұтынушының тауар немесе қызметке қатысты ойша әсері жөніндегі маман және тағы да басқалары. Ал олардың бәрі де бізге тікелей қатысты.

Сондықтан да мамандық таңдағанда гуманитарлық пен техникалық бағытты үйлестіре білуіміз қажет.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ,

аудандық Жастар ресурстық орталығының

маманы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика