Табиғат аясында неге тойламаймыз?

130-дан асатын ұлттан тұратын Қазақстанның әрбір өкілі үшін ортақ маңызға ие мереке Наурыз да жетті. Мәселен әзербайжандар үй-ішін, ыдыс-аяқтарын тазалап, ал 22 наурызда оразасын қант не балмен ашқан.

Бұл – алдағы өміріміз татулықпен өтсін дегені. Ал өзбек жұрты бұл мерекені 13 күн бойы тойлайды. Қырғыздар ұлттық киімдерін киіп, үй-үйді аралап, Жаңа жылмен құттықтайды. Парсы елдері ескі ыдыс-аяқтарын сындырып, бір-біріне гүл сыйлайды. Бұлардың әрқайсысының салты басқа демесек, барлығының да жаңа жылдағы тілегі бір. Ол – жақсылық, молшылық, ауызбіршілік.

Көне көз қариялардың айтуынша, бұрын наурыз айын 30 күн бойы тойлаған. Осы айдың ішінде қайырымдылық жасау күні, ата-бабаны еске  алу күні, тал егу күні, дастархан күнін өткізген. Ауыл ақсақалдары жарлы, жетімдерге бата беріп, туыстарына міндеттеп тапсырған. Сол мереке күні оларды үйлендіріп, жеке отау еткен.

Ал, бүгіндері Наурызды қалай тойлап жүрміз?

Айнала киіз үй тігіп, өткен жылы киген шапандарымызды тауып алып, соны киіп, ас ішіп, аяқ босатудан аса алмай жүрміз емес пе? Қойылатын баяғы бір көрініс, қыз ұзату, бесікке салу, концерт, сауда-саттық, бүрсеңдеген балалар, балшыққа былғанып үйге қайтамыз. Одан да үйден басқа қалаларда өтіп жатқан мерекелік шараны көргеніміз жақсы болып көрінеді кейде.

Біз 1991 жылы наурызды сәуір айында ауыл сыртындағы сайға өткізіп едік. Қыз қуу, арқан тарту, келінді жасауымен түйе арбаға отырғызып, бетін ашып, бәріне сәлем бергізу, шашу шашу өз алдына, одан бөлек ошақ басында самаурындары екі иінінен демалып, бауырсақ, наурыз көже пісіріп жүрген келіндер, келі түйіп, диірмен тартқан жастар, боталы інген, бұзаулы сиыр, төлі мен қой – осының бәрі көрініс тауып еді. Келіншектер келген тұрғындарға жент, талқан, ақ ұсынып жатты. Ауданнан көптеген азаматтар қатысып, Ахметова Маржан апамыз Наурыз мерекесінің тамаша өткендігін айтып, сыйлықтарын ұсынып еді. Көп жылдар наурыз мерекесін көрмеген ауыл тұрғындары өте риза болып тарасып еді.

Осының бәрін еске ала отырып, ескеруге тиісті ұсынысымды айтқым келеді. Наурызды бір ай бойы тойлайтын болсақ, неге жер кепкен, көк шыққан кезде табиғат аясында тойламаймыз?

Аяз атадан, Қаршақыздан сыйлық алу үшін жүгірген төменгі сынып оқушылары неге Көктем Аруы мен Қызыр Атадан сыйлық алмайды?  Жас бүлдіршіндердің ұлттық мереке туралы түсінігі молайып, қанына сіңірер еді.

Қысқасы, Наурыз мерекесінің думанды өтуі өзімізге байланысты.

Ханзиба БАЕТОВА,

зейнеткер.

 

Есбол ауылы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика