Қолайсыз отбасы қадағалануда

1 сәуір күні аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері аудандық полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп қолайсыз отбасы есебінде тұрған оқушылардың тұрғылықты жерлерін аралап, ондағы жасөспірім жеткіншектердің мектепке барғанын қадағалап, ата-анасының үнемі назарында болуын тексеру мақсатында рейд ұйымдастырды.

Мәселен, аудан бойынша қолайсыз отбасы есебінде тіркегендердің саны – 14. Есепте тұратын отбасылардың басым бөлігі ерлі-зайыптылардың ішімдікке салынып, содан балаларының тағдырына немқұрайлы қарауынан туындап отыр. Міне, осы орайда рейд қызметкерлері соңғы тоқсанда бала сабағына барып жүргенін, жылы киімі мен үйінде ішетін асы барын бәрін-бәрін тексерді.

Сондай-ақ ата-аналарға олардың негізгі міндеттері түсіндіріліп, кейбір мәселелерге қатысты нақты кеңестер берілді.

Индер аудандық ПБ-нің ЖПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Құбашева:

-Жұмыс барысында жасөспірімдерге қарсы жасалатын, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстардың алдын алу бойынша, осы санаттағы есепте тұрған ересек адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында әрқайсысының мекен-жайын тексеру арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы, ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері өз тарапынан қолайсыз отбасылар мен оларда тәрбиеленетін кәмелетке толмағандарды анықтауды күн тәртібінен түсірген емес. Сондай-ақ, құқықтық сауаттандыру, олардың жағдайын жақсарту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша және тәрбиелеу бағытында алға қойылған міндеттердің орындалуын әрі қарай жалғастыратын болады,-дейді.

Индер аудандық Полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT