Қаруды сақтау, тіркеу ережелерін бұзған 100-ге жуық атыраулық анықталды

2021 жылдың 4-8 ақпан аралығында Атырау облысы аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтау, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және қару иелерінің қаруды сақтауы, тіркеу, қайта тіркелуін тексеруге бағытталған «Қару» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Тек қана 3 күнде 2000-нан астам азаматтық қару иелері тексерілді. 100-ге жуық тұрғынның қару сақтау, тіркеу, тасымалдау ережелерін бұзған фактілері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарулары тәркіленді.

Заңсыз айналымнан Ішкі істер органдарына тіркелмеген бес қару анықталып, қаруларға балистикалық сараптама тағайындалды.

Атырау қалалық Полиция басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521