Жол үстіндегі асығыстық көп жағдайда қайғылы оқиғаға әкеледі. Әсіресе, тас жолда жылдамдықты бақылаудан шығару — ауыр салдарға себеп болуы мүмкін.
Апта ішінде көлік басқару құқығы жоқ 8 тұлға анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айып тұрағына қойылды. Ал, мас күйінде көлік басқарған екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес тиісті іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Сондай-ақ іс-шара барысында бір көліктен есірткіге ұқсас заттар салынған 3 пакет табылып, сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, аталған құқықбұзушылықтар үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы көзделген. Осыған орай патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзбау қажеттігін ескертіп, күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жолдағы тәртіп – баршаға ортақ қауіпсіздіктің кепілі.