Пайдаланылмай жатқан жерді мемлекетке қайтару мерзімі қысқаруы мүмкін

Жердің тиімді пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды жетілдіру мақсатында заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен алып қою мерзімдерін қысқартуды (2 жылдан 1 жылға дейін), ғарыштық мониторинг деректері бойынша байланыссыз бақылау процесін автоматтандыруды, тексерілетін объектіні мәтіндік хабарламалар арқылы ұялы байланыс арналарымен хабардар ету рәсімін автоматтандыруды көздейді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұдан бөлек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, халыққа қолжетімді болатын тиімді мемлекеттік электрондық жер кадастрын енгізу жұмысы жүргізіліп жатқанын баян етті. Бұл 2023 жылдан бастап қазақстандықтар үшін жерді электронды түрде ашық бөлуге көшуге мүмкіндік береді.

«Жер учаскелерін берудің электрондық тәртібі жер қатынастары саласындағы бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жойып, жер учаскесін алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Сапархан Омаров.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика