Наурыз тұжырымдамасы қажет

Жақында Атырау облыстық бас редакторлар
клубының бастамасымен Наурыз мейрамын бұқаралық деңгейге көтеру жөнінде дөңгелек үстел өткізді. Келелі кеңесті клуб төрағасы Жанай Амантурлин жүргізіп, публицист, жазушы Өтепберген Әлімгереев, ақын Әлия Дәулетбаева, жазушы Мұрат Бектенов, суретші Темірбек Мұхтарұлы сынды өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, біраз ой талқыға түсті.

Яғни, соңғы кездері 4,5 сағаттық этнографиялық көріністермен ғана шектеліп, ресми іс-шараға айналып бара жатқан Ұлыстың Ұлы күнін мән-мағынаға толы жаңа сипатта тойлау үшін арнайы тұжырымдама жасау қажет деген шешімге келді. Ол үшін барлық қоғамдық ұйымдар осы бастамаға атсалысып, ауыл, аудан, мәдени орталықтарда  талқылаудан өтіп, нақты тұжырым жобасын дайындау керек.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT