Көлігіне жасанды белгі орнатқан жүргізуші жауапкершілікке тартылды

9 наурыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы бойында мемлекеттік белгілері күдік тудырған, маркасы Лада-21214 автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру кезінде көліктің артқы мемлекеттік белгісі қолдан жасалған, яғни жасанды мемлекеттік белгі екендігі анықталды.

Нәтижесінде көлік құралы арнаулы тұраққа жеткізіліп, аталған көлік құралының жүргізушісі 36 жастағы қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы 4-бөліміне сәйкес әкімшілік іс-құжат жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Атырау қалалық Полиция басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT