«Кәсіпкер болсаң, ешкім кедергі жасамайды»

Халқымыздың экономикалық-әлеуметтік әлеуетінің мықты болмағын көздейтін мемлекеттік стратегия Елбасының жаңа Жолдауында айқын көрініс тапты. Соның ішінде адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керектігі айтылды. Міне, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰҚП Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының Индер ауданы бойынша филиалы қандай іс тындыруда деген сауалды біз филиал директоры Тасыбаев Мырзабек Сансызбайұлымен қойған едік.

-Мырзабек Сансызбайұлы, алдымен Кәсіпкерлер палатасы туралы айтып өтсеңіз.

-Кәсіпкерлер палатасы – билік пен бизнестің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

-Негізгі қызметі қандай?

-Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету, кәсіпкерлік белсенділігінің, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізу, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, мемлекеттің бағдарламаларына қатысу, отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті қамту, үлесті арттыру палатаның негізгі қызметтеріне жатады. Міне, осы секілді өте ауқымды да маңызды жұмыстарға жетекшілік етіп қана қоймай, жүзеге асырып келеді.

-Кәсіпкерлерді қаржыландыру мәселесі қалай жүргізілуде?

2017 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге қаржы институттары арқылы несие алу және жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында аудан орталығы мен ауданға қарасты 6 округтерде 3 мәрте көшпелі мәжілістер жүргізілді. Аудандық кәсіпкерлер бөлімімен  бірлесе отырып – 20 семинар-кеңес және 1 рет аудан әкімінің төрағалығымен «Билік пен бизнес» тақырыбында аудан кәсіпкерлерімен ашық диалог өткізілді. Сонымен қатар кәсіпкерлік саласының мәселелері бойынша  барлығы 109 адамның өтініші түсіп, соның 103-нің шешімі табылып, қалған 6-ның шешімін табу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ «Нұр-Отан» партиясы Индер аудандық филиалымен, Индер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы Индер филиалымен бірлесе отырып жиын өткізілуде.

«Бизнестің жол картасы - 2020» мен бизнеске қолдау көрсету, дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде, ЕДБ(Екінші деңгейдегі банктер)  бойынша 2017 жылы 2 кәсіпкердің жобасы мақұлданып, 24 млн. теңге несие берілді. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантқа 4 жоба ұсынылып, оның ішінен ЖК Темірғалиева Гүлбарамға 2 млн. теңге (5 жаңа жұмыс орын) «Жартылай дайын өнімдер өндірісі» жобасы бойынша Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің отырысымен мақұлданып, қазіргі таңда кәсіпкер аталған мақсатта құрал-жабдықтар сатып алып, жобаны іске қосу мақсатында жұмыстар жасалып жатыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының Индер аудандық филиалы арқылы «Бастау-Бизнес» бағдарламасы негізінде барлығы IV топ бойынша 179 адам, «Бизнес Кеңесші» екі күндік оқыту курсынан аудан бойынша барлығы 118 адам оқытылып, сертификатталды. 

Ал «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша барлығы 38 адам 145 млн 790 мың теңге (24 жаңа жұмыс орын) көлемінде несие алды. Оның ішінде 10 жоба кәсіпкерлік мақсатта, 28 жоба мал шаруашылығы мақсатында берілді.

-Ауданда ашылатын Бизнес-инкубаторларды дамыту бағдарламалары туралы айтсаңыз...

-Ауданда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бизнес-инкубатор ашу жұмыстарын жүргізу  қолға алынуда. Осы мақсатта ашылатын 4 қатарлы ғимараттың 4 қабатын жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру жөнінде аудан әкімдігімен келісілді.

Жалпы, инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың жарқын мысалдарының бірі бизнесті инкубациялау болып табылады. Инкубация шарттары шағын кәсіпорындар құру және дамыту барысындағы кедергілерді жоюға жағдай жасайды. Бизнес-инкубатор ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге өндірістік, кеңсе және т.б. шаруашылық жүргізу алаңдарын береді, кеңседе қызмет көрсетеді және тиімді шартпен қосалқы қызметтер ұсынады.

-Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан

А.ТАПАН.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика