Бір жылда – екі Жаңа жыл

Көктем келіп, жер ана көктей бастады. Көктеммен бірге 22 наурыз ұлттық мерекемізге бір апта ғана уақыт қалды. 1 қаңтардаы Жаңа жылға кем дегенде ай жарымдай уақыт бұрын дайындалатын біздің төл мерекеге дайындығымыз қалай? Мен бүгін өзге мен өзіміздің Жаңа жылды таразылап көруді ұйғардым.

Ақпарат құралдарына  жүгініп, орыстың Жаңа жылы туралы көптеген деректерге қанық болдым. Мысалы, мерекені Христиан дінін қабылдамастан бұрын  1 наурызда қарсы алған. Ал, үйлерге шырша орнатып, бұтақтарын безендіріп, Жаңа жылымен құттықтауды I-Петр 1700 жылы әмір еткен. Шыршаның басында әуелгіде 8 бұрышты жұлдыз, кейін Кеңес одағының үкімі бойынша орнына 5 жұлдыз қолданысқа енген. Содан 1927 жылдан 1936 жылға дейін Кеңес Одағы Жаңа жылды тойлауға тыйым салып, 1937 жылы Сталинның бұйрығымен қайта тойлауға рұқсат етілді. Бүгінде екі Жаңа жылды Қазақстан халқы ресми түрде тойлап келеміз.

Ал Ақшақар мен Аяз ата туралы не білеміз? Жылда тойлап жүрген орыстың Жаңа жылында шыршаны айналып, бізбен билеп жүрген Аяз ата – ажал мен жоқшылықтың, Ақшақар - көктемде еритін қар мен мұздың өлімін бейнелейтін өлім символы. Әрине осындайларды біріміз білсек, біріміз білмейді екенбіз.

Орыстың Жаңа жылын биыл да телеарнада біздің әнші «Жұлдыздар» тарихта қалатындай тойлады. Теледидардың бұрышында шыршаның белгісі қаңтар айының ортасы ауғанша тұрады.

Керісінше, Наурыз мерекесіне аз уақыт қалса да, ақпарат құралдары тым-тырыс.

Жалпы, мерекенің қайта оралып жандануында Мұхтар Шахановтың еңбегі айрықша. Мұханның Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.Колбинге Наурыз мерекесіне қатысты баспасөз бетінен қысқаша үзіндіні келтіруді жөн санадым.

«1986 жылы Желтоқсан оқиғасы орыс пен қазақ ұлттарының арасына сына боп енді. Сөздің ашығы керек, қазақ халқы сізге жылан көргендей шошына, жиырыла қарайды. Егер сіз Наурыз мерекесін тойлауға мүмкіндік алып берсеңіз, бүкіл қазақ қауымы өзгеше көңілмен, өзгеше ниетпен бұрылатын болады» дегенді оқыған Г.Колбиннің көзі жайнап кетіпті. Ол сонда: «Ендеше, Наурызды тойлатайық. Мен қайткен күнде де Кеңес Одағының башысы Горбачевті көндіремін» - депті.

Міне, осылайша 1988 жылдан еліміз Наурыз мерекесін тойласа, келесі жылы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжандар тойлаған.

Менің түсінбейтінім, орыстың Жаңа жылындай өткізуге қызығушылық, ынта көпшілікте байқалмайды.

Бір жылда екі рет, екі түрлі жаңа жылды қарсы алатын ел бар ма екен деп бірнеше ақпарат құралдарынан іздестірдім, бірақ, таба алмадым, естіген де емеспін.

Мен үшін Жаңа жыл – 22 Наурыз мерекесі болып қала бермек.

Қуанғали Аронов.

Есбол ауылы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика