Атыраулық полицейлер 813 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді

Атырау қаласының патрульдік полиция батальонының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын үнемі жіті қадағалайды. Мәселен, бір аптада тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзған 813 құқықбұзушыларды анықтады.

Патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Нұрлан Сәрсенбаев 135 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 6 жүргізуші мас болған кезде көлік жүргізген, 9 жүргізуші үздіксіз екі ақ жолақты кесіп жолдың қарсы бағытына шыққан, тағы 13 автоәуесқой жаяу жүргіншілерге жол бермеген деп мәлімдеді. Және бұрын да мас күйде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған 1 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін анықталып, оғар қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 346 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, батальон командирі атап өткендей, ережелерді жүргізушілер ғана бұзбайды. Оған дәлел 134 жаяу жүргіншінің жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп, өз өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін ескермеуінде.

Мысалы, 24 сәуір күні сағат 04:20 шамасында Азаттық даңғылы "Бармаглот" мейрамханасының тұсында, Mercedes Benz автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1994 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалаған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ал, 24 сәуір күні сағат 22:19 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Абдрахманов көшесі 30 үй тұсынан “Ваз 21043” автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында аталған автокөліктің 1987 ж.т., жүргізушісінің ішімдік ішкен күйде көлік басқарғандығы анықталды. 34 жастағы көлік жүргізушісі бұрын да мас күйде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Сол себептен, аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 346 бабымен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін) қылмыстық іс қозғалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Одан басқа, 24 қараша күні сағат 13:30 шамасында Сатпаев-Ерниязов көше қиылысында “Тойота Камри” маркалы автокөлігі тоқтатылып, оның 1984 ж.т жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600 бабымен (жаяу жүнгіншілерге жол бермеу) бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, өткен аптада заңбұзушылыққа жол берген 69 жүргізушінің көлік құралы айыппұл тұрағына қамалды.

Атырау қалалық Полиция Басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521