Атырауда санитарлық нормаларды сақтамаған кәсіпкерлік нысандар тексерілуде

22 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында Авангард 3 мөлтек ауданында орналасқан "Хачапури” мейрамханасы сағат 20:00-ден кейін жұмыс жасап тұрғандығы анықталды.

Аталған мейрамхана ішінде шамамен 50-ге жуық адам болған. Одан басқа, сол күні сағат 23:00 шамасында Х.Досмұхамбетов көшесінде орналасқан "Иверия” азық-түлік дүкені сағат 22:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.

Айта кетейік, Атырау облыстық бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары сағат 20:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 22:00-ге дейін ғана жұмысын жалғастыруға рұқсат етілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Атырау қалалық полиция басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521