14 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында Исатай-Махамбет алаңында түнгі сағат 23:00 ден кейін тұрғын-жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 17 жастағы Қызылқоға ауданының тұрғыны анықталды.
Тексеріс кезінде, аталған жасөспірімнің масаң күйде жүргендігі де анықталып, Атырау қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.
Жасөспірім өз кінәсын мойындап, достарымен бірге сыра өнімін ішкендігін айтып, өз іс-әрекетіне өкінетіндігін жеткізді. Ата-анасы шақыртылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Еске сала кетейік, өткен 2020 жыл алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында жүрген 20-ға жуық жасөспірім анықталса, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 1500 жуық жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Атырау қалалық Полиция басқармасы