Атырау облысында сотқа жүгінушілер қатары азайған

Атырау облыстық сотының судьясы Гүлмира Даулетованың айтуынша, аудандық және оған теңестірілген соттарға келіп түскен істер саны 17 ге азайған, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көрсетілген кезең бойынша 793 тұлғаға қатысты 653 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. "Оның ішінде, ауыр емес санаттағы қылмыс жасағаны үшін 46 тұлға сотталып ,13 адамға бас бостандығынан айыру жазасы шыққан. Заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес халде жасаған 7 тұлғаға қатысты да медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша істі қарау барысында мекеме, ұйым, басқа орган басшыларының атына 2020 жылдың 9 айында 302 жеке қаулылар шығарылды" дейді Атырау облыстық сотының судьясы Гүлмира Даулетова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521