Ғарышқа сапар қазақ даласынан басталды

«Қазақстан-2050» стратегиясында еліміздің  ғарыш саласын игеру  айқын міндеттердің бірінен саналады. Бұл Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі  аясындағы жүйелі жұмысының бір парасы.

Ғарыш саласын игеруге  еліміз Одақтан  тәуелсіздігін алмай жатып-ақ ұмтылды. Мысалы, Н.Назарбаев 1991 жыл­ғы 31 тамызда  респуб­л­и­ка­­мыздың аумағында орналасқан «Бай­­қо­ңыр» ғарыш айлағын Қазақ­с­тан­­н­ың мен­шігі деп жариялап, ба­тыл қадам жасады.

Алайда Тәуелсіздіктің елең-алаң шағындағы «Байқоңырды»  ұстап қалу жас мемлекетімізге оңай болмағаннан соң, Ресейге жалға беруге шешім қабылдады. Соның нәтижесінде «Байқоңыр» кәдеге жарап, Одақ кезіндегі бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтен кейін  Тал­ғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшса, 2015 жылы Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуды жалғастырды.

Тәуелсіз Қазақстанның ға­рыш державасы ретінде қалып­тасуы­на бағытталған «Казсат-1» бай­ланыс спутнигін  ұшыру жобасы іске асы­рды. Алайда, бұл жоба сапасыз орындалғаны белгілі. Сәтсіз­діктің себептерін сыни тал­дау барысында Мемлекеттік бағдарламаға біртұтас басшылық болмауы зардабын тигізгені айтылды.

 Кейін  бұл іс  жүйеге келтіріліп,  «Kazsat-2», «Kazsat -3» екі байланыс спутнигі мен «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтаудың екі спутнигі ұшырылып, іске қосылды. Олар  елдің белгіленген спутниктік байланыс каналдары мен ЖҚЗ деректеріндегі қажеттіліктерін, елдің ақпараттық қауіпсіздігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер импортының төмендеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ғарыш жүйесінің жердегі ғарыш инфра­құры­лымының нысандары іске қосылды. Ұлттық ғарыштық зерттеулер және тех­нологиялар орталығы мен  Қорғаныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министр­лігі құрылды.

Ғарыш жүйесіндегі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан  Жер серіктерінің қызметін де, қызығын да көре бастады. Әлемдік  ғарыштық 25 елдің қатарынан  орын алып отыр.

Цифрлық және Жер серіктік теледи­дардың «Қазтелерадио» АҚ ұлттық опера­торы  OTAU TV жерсеріктік теледидарының абоненттері отандық «KazSat-3» Жер серігі аппаратының қызметін  пайдаланып келеді. Қо­сымша SD, HD арна­лары­ да енуде.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, техника ғылымдарының докторы Тоқтар  Әубәкіров Қазақ елінің  бүгінгі ғарышты игеру жағдайын былай дейді:

– Ғарыш –  ғылымдағы ең жаңа, ең жетістікті технология. Біз қазір осындай  ең үздік технологиялық жетістіктерден қол үзіп қалсақ, ертең  өмір-бақи оның артынан қусақ та жете алмасымыз анық. Сондықтан елімізде ғарышты игеру саласында ауқымды жұмыстар да рет-реті­мен атқарылуда. «Болашақ» бағдар­ла­масымен  шетелдерде оқып, білі­мін көтеріп елге оралып келіп жатқан жастарымыз да, құдайға шүкір, бар­шылық.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша,  «Спутниктерді  межесіне қарай  жоспарлы ауыстыру бойынша жұмыс жүр­гі­зіліп жатыр, 2023 жылға қарай KazSat-2R жер серігін жасап, іске қосу арқылы KazSat-2 жоспарлы ауыстыру жос­парлануда» деді министр.

 Жалпы, бола­шақта екі жер серігін ұшыруға қатысты «жаңа жобаның құны ша­мамен 6,6 миллиард теңгені, ал ұшыру құны 2,6 миллион долларды құрайтын» көрінеді. Сонымен қатар  KazEOSat-1 жоғары дәлдікті және KazEOSat-2 орта дәлдікті «жерді қашықтықтан зондтау бойынша қос спутникте» қадеге жарап тұрғанын және   «Байқоңыр» ғарыш айлағының ескірген ұшыру алаңдарын ауыстыратын «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені қазақ жеріндегі космодромды сақтап қалуға және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты.

«Бәйтерек» жобасы қазіргі қолданыстағы «Зенит» ғарыш зымыран кешені және Ресей дайындайтын орта деңгейдегі перспективті зымырантасы­малдағыш негізінде жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта «Зенит» ҒЗК объектілерін Ресей Федерациясының жалдауынан шығару және оларды Қазақстанға беру биылғы  жылдан  бастап жүргізілетін болады.

 Бұл Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келетін стратегиялық маңызы бар бірлескен жоба. Өйткені ол Қазақстанға коммерциялық ұшырулардың әлемдік нарығына кіруіне мүмкіндік береді» деген болатын министр Б.Атамқұлов.

Дайындаған

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT