«Алғашқы қошақаным»

Наурыз айы келгенде тіршіліктің тынысы оянып, түлеп-түрленіп кете беретіні бар. Қыстың қытымыр мінезіне бағынған қара жердің тоңы да жібіп, сай-саланы, сағаларды суға толтыратыны да осы-берекелі наурыз айы. Төрт түліктің де ойқастай шауып, ауылдағы ағайындардың қораларында қой қоздап, бие құлындап, түйе боталап мәре-сәре болатын да осы шақ. Ал осы айдағы төлді «Наурыз төлі» деп атап, төл басы ретінде бағалап, ерекше күтімге алады.

Негізінен шаруашылықтардағы малдың төлдеуі сәуір айынан, ал ауылдағылардікі қаңтар, ақпан, наурыз айларында басталатыны сөзсіз. Дәл осындай көрініс  Бөдене ауылындағы Бейімбет атаның қорасынан да табуға болады. Мұнда қой қоздап, сиырлары бұзаулап у-шу болуда.

-Биыл қыс малға да, адамға да жайлы болды. Міне, наурыз айы басталысымен уақ-жандықтарымыздың алды төлдей бастады. Ал ешкілеріміздің бірі – жалқы,  енді бірі – қос-қостан  тауып жатыр. Оған осы Бекнұр немерем әлсіздеу деген төлдерге сүт беріп, ауыздандырып, оларды ширағанынша қадағалап отырады,-дейді атай.

Негізінен кішкентай Бекнұр үйдегі атасы мен әжесінің, әкесі мен анасының қолғанаты. Ол мектептен оралысымен әжесі дайындаған аспен ауқаттанып алған соң, үйдегі үлкендермен бірге қорадағы төрт түліктің қамына кіріседі. Оның негізгі жұмысы-жаңа туған қозыларды енесіне қосып, жамыратып, кері бөліп алу.

«Мынау менің «Сармони» атты кішкентай қошақаным. Оны жанымдай жақсы көремін»,-дейді Бекнұр шаттана.

Атасы үйдегі малдардың түр-түсінен-ақ өзінікі екендігін жатқа соғатын Бекнұрды үнемі «Менің қолғанатым, жәрдемшім!» деп мақтанып, марқайып отырады. Бөденедегі орта мектепте білім алатын Бекнұр оқуда озат, сондай-ақ «Дәстүрлі әншілер» ансамблінің белсенді мүшесі.

-Бәрінен де ауладағы томпиған қошақан мен немеремнің шаттана ойнағандарынан асқан жарасымдылық жоқ екен,-дейді Бейімбет ата сүйсіне.

Көктемнің алғашқы төлінің қуанышы азаймасын ендеше.

А.Диас.

 

Бөдене ауылы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика