АЭС құрылысы елімізге жетпей жүрген мамандар шоғырын қалыптастырмақ

Мен бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөйлеген сөзін толықтай тыңдап шықтым.

«АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Бірақ бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін даярлауға жағдай жасайды. Демек, оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді» деді Президент.

Расымен де, АЭС құрылысы бір жылда жүзеге жүзеге асатын жоба емес. Сондықтан енғұрлым ерте қимылдасақ, соғұрлым ұтамыз. Бұған дейін де айтып жүргенімдей, АЭС-тың пайдасы, біріншіден энергия тапшылығын жою, екіншіден Париж меморандумына сәйкес жасыл экономика, таза экология қағидасына Қазақстан елінің сәйкес келуі. Бұл жерде бір килограмм уранның шығаратын энергия қуаты 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайдың шығаратын энергия қуатымен тең екендігін және АЭС жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл қалдығының алдын алатындығын айта кеткен жөн. Үшіншіден, шикізат көзі болып табылатын уран Қазақстанда жылына 20 мың тонна өндіріледі. Әлемдегі уран өндірісі көлемінің 40%-ы және Қазақстан уран қоры мен өндіруден алғашқы орында. Ал, 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша бірінші орынға ие. Бұдан бөлек, АЭС құрылысы жүргізілген кезде 12 мыңнан астам адам жұмыс жасаса, 7-8 жылдан кейін АЭС құрылысы бітіп, АЭС-тің өнімін тұтынатын кезде 2 мыңдай адам, оның 400-і маман инженер болады деп тұжырымдалуда. Қазақстанда АЭС-те жұмыс жасайтын кадрларды Ұлттық ядролық орталық, Ядролық-физика институты, Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және осы университетте ашылған Мәскеу физика-техникалық институтының филиалы, сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дайындауда.

Бекет КЕНЖЕҒҰЛОВ, техника ғылымдарының докторы, профессор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT