АДАЛ ҚЫЗМЕТ МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ

        Қазір ел алдында тұрған өзекті мәселенің бірі-мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың іс – әрекеттерін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал, әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, мұндай бизнесті тиімсіз етеді және экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты  сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектілене түсуде. Елбасы Қазақстан халқына  2018 жылғы 10 қаңтардағы   Жолдауында  жемқорлықпен күрес  және заңның үстемдігі   тоғызыншы  басымдылықтың бірі санап негізгі қағидаларын анықтап берді.

       Салық органдары қызметкерлері  мен салық төлеушілердің жеке байланысын болдырмау мақсатында, салықтық әкімшілендіру мен бақылаудың бірнеше процестері автоматты тәртіпке көшірілді. Автоматтандыру және жаңғыртуға бағдар, бизнеске қатысты бюрократиялық кедергілерді қысқартуға негізделген ұстаным экономиканы және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға оң әсерін тигізіп қана қоймай, ұлттық экономикаға келетін қауіпке нақты қарсы тұру үшін ресурстарды босатып алуға мүмкiндiк бередi. Оған салық қызметтерiнің деректер қорын бiрiктiру, жалған кәсiпкерлiк фактiлерiн анықтау және алдын алу жөніндегі, салық төлеуден жалтару мен заңсыз әрекеттерге қарсы басқа да түрлерін ресiмдеудi автоматтандыру және бiрiздендiру есебiнен қол жеткiзілді. Осының есебiнен бизнес өкiлдерi мен жедел қызметкерлердің өзара iс-әрекеті едәуiр оңтайландырылды. Осылайша, кәсiпкерлердiң ісіне араласпау ұстанымы жүзеге асырылды – егер кәсіпкерлік заңның талаптарына сәйкес жұмыс iстесе, оны ешкiм де тексермейдi.

      Жедел жұмыстың жаңа қағидаттары мемлекеттiк органдарға қылмыстардың экономикалық қаупін дер кезінде табуға, қолма-қол ақшамен заңсыз операцияларды жүргiзуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсiмiн арттыруға, сондай-ақ, тұтынушылардың құқығын қорғауға мүмкіндік туғызады.

      Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді  жоспары бойынша  және 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығы бойынша  Үш құрамдасты интеграциялау - функциясы бар бақылау-касса машиналарын, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау, сондай-ақ автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған басқару , қызмет көрсету, жұмыстарды орындау және тауарларды есепке алу  3 моделі енгізілуде. Касса машиналарының фискалдық чектерін анықтау бойынша Жалпы Республикалық Акция «Азаматтық  бақылау – түбіртекті  талап ет» іске қосылып отыр. Яғни, чек бермеген кез келген жағдайды ұялы телефонға жүктелетін «Wipon Cashback» мобильді қосымшасы арқылы хабарлап, тиісті шаралар жүргізілуде.

      Мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін 44 мемлекеттік қызмет түрі енгізілген, оның ішінде 27 қызмет салықтық және 17 қызмет кедендік бағыттағы.Бүгінгі күнде, 44 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 37 қызметі (немесе 84,09%) автоматтандырылған, соның ішінде Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» арқылы 15 қызмет қызмет.

     Салық қызметінің стандарттары туралы кез-келген салық төлеуші  салық органдарының салық  есебін қабылдау және өңдеу  ақпараттық стендтерден, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер  комитетінің http://www.kgd.kz/ ресми сайты арқылы таныса алады.

      Басқармада сенім телефондары, арыз-шағым, ұсыныс-пікір жәшіктері және Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер  комитетінің  Веб порталында электронды шағым кітабы жұмыс тіркелген.

     2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында шағын кәсіпкерлік субьектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субьектілеріне  тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау тоқтатылған болатын.

Н.Болатов

Индер  ауданы  бойынша мемлекеттік  кірістер  басқармасының   бас маманы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521