Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түсіндірме жүргізіліп, осы сала қызметкерлерінің жұмыс барысымен танысып, жалпы мамандық таңдау, заңдылықтарды сақтау туралы оқушылар сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Заңдылықты сақтау өз өмірін қорғаудың негізі екендіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар аудандық Сотқа барған мектеп оқушыларымен «Көрсетілімдік сот отырысы» шарасы ұйымдастырылды. Сот отырысына қатынасқан оқушылар заңның қоғамдағы ролін түсініп, істің қаралу тәртібімен, сот отырысының кезеңдерімен , судья, прокурор, қорғаушы және тараптардың заңды міндеттерімен танысты.
Оқушылар шара барысында заңның әділдігі мен жауапкершілік қағидаларының орындалуының куәсі болды. Шара жасөспірімнің құқықтық сауаттылығын арттыруға өз әсерін тигізді.
Заңды сақтау өзіңді қорғау екенін естен шығармаған жөн.


