«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №40 Зейнолла Қабдолов атындағы мектепте Атырау облысы Білім басқармасы мен Полиция департаментінің ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы кездесу өтті

 Іс-шарада жастарға есірткі заттарының зияны, заңдық жауапкершілік және салауатты өмір салты туралы ақпарат берілді.

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция полковнигі Джангалиева Марьяна Қазбекқызы нашақорлықтың адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін зияны, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуда саналы таңдау жасау қажеттігі туралы жеткізді.

Сонымен қатар, Жастар орталығының мүмкіндіктері мен жобалары туралы Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Арыстанова Гүлназ Рүстемқызы баяндады.

Қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, кездесу тәрбиелік және танымдық бағытта өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT