Қазіргі қоғамда жұмысшы мамандардың рөлі ерекше артып келеді. Олар – өндіріс пен құрылысты, ауыл шаруашылығы мен коммуналдық саланы алға сүйреп отырған негізгі күш. Дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик, тракторшы, жүргізуші секілді мамандарсыз бірде-бір сала қалыпты жұмыс істей алмайды.
Бүгінде Мемлекет басшысы да жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл – еңбек адамына деген құрметтің нақты көрінісі. Жұмысшы маман болу – тек кәсіп иесі атану емес, ел дамуына тікелей үлес қосу деген сөз.
Қоғамға нақты пайда әкелетін, қолымен іс тындыратын білікті мамандар қашанда сұраныста болады. Сондықтан жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу, олардың кәсіби әлеуетін арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
#ЖұмысшыМамандар #ЕңбекАдамы #КәсібиБілім #ЕлДамуы #ЖастарЖәнеЕңбек


