Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихы мен тұлғаларын насихаттау мақсатында ақберен батыр, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейінде Қ.Ахмедияровтың өмірі мен өнеріне арналған «Күй өнерінің кемеңгері» атты әдеби шара ұйымдастырды.
Шараға Жарсуат ауылының тұрғыны Қ.Ахмедияровтың қарындасы Жарқын Үмбетиярова отбасымен, Махамбет атындағы орта мектеп ұжымы мен ауылдық кітапхана қызметкерлері және оқушылар қатысты.
Алдымен көпшілік күйшінің өмірінен естеліктер айтып, деректі фильм тамашаланды. Көрермен назарына Махамбеттің өлеңдері мен Жарсуат ауылдық өнер мектебінің ұстазы, домбырашы Азамат Жеңісовтің орындауындағы Қ.Ахмедьяровтың репертуарынан «Хамаң толғауы» және Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі ұсынылды.
Шара соңында Ж.Үмбетиярова Қ.Ахмедияровтың жұбайы Нұрбике Жұмағалиқызының арнайы қолтаңбасымен күйшінің кітаптары мен бірнеше дисклер жинағы музей қорына салтанатты түрде табыс етті.
А.Осихина, М.Өтемісұлы әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі.
Жарсуат ауылы.