banner_damu

Тұңғыш рет Атырауда! Мектеп оқушылары арасында жас ақындар мен жас термешілер байқауы өтті

​ «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Атырауда мектеп оқушылары арасында жас ақындар мен жас термешілердің облыстық байқауы өтті» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тартысты бәсекеге Атырау қаласы, Индер, Құрманғазы аудандарынан келген жас ақындар, облыстың түкпір-түкпірінен жиналған ​ жас термешілер қатысты. ​ Бәйгеге шыққан шабандоздардың өнерін Республикалық ақын-жыршы, термешілер одағының Атырау филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев бастаған ақтаңгер айтыстың саңлақтары таразылады. Бір күнге созылған бәйгеде жас ақындардан құралған алты жұп өнер көрсетті.

Қатысушылар айтыс барысында Тәуелсіздік тақырыбын арқау етті. ​ Тарысты бәсекеде Н. Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының ақын-айтыс бөлімінің 10-сынып оқушысы, жас ақын ​ Ерасыл Мұхитов топ жарды. «Бұл менің алғашқы айтысым. Байқау тартысты өтті. Қарсыластарымның тарапынан жоғары дайындықты байқадым. Алға қарай да айтыс өнерін жете меңгеріп, республикалық жарыстарда Атыраудың абыройын асқақтатқым келеді» дейді Атырау облыстық «Тәуелсіздік – тұмарым»​ ​ жас ақындар айтысының жеңімпазы Ерасыл Мұхитов.

Айтулы бәсекеде Индер ауданы, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Саят Кисметуллин мен аталған ауданның М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жандос Байбақты екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Термешілер арасынан Атырау қаласы Амангелді орта мектебінің оқушысы Гүлназым Ғазизова озық шықты. ​ Атырау қаласындағы Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейдің оқушысы Шора Амандық екінші орынды, М.Өтемісов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Мөлдір Өтеген үшінші орынды иеленді. Жүлдегерлер мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

tumarym

Атап өту керек, қазақ халқының ұлттық өнерін дамытуға арналған мектеп оқушылары арасындағы мұндай байқау ел бойынша тұңғыш рет Атырауда өтіп отыр. Іс-шараны облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы ұйымдастырды. «Жас ақындар айтысы мен жас термешілер байқауы бір арнада өтіп отыр.

Мақсат - айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде оқушыларға жан-жақты насихаттау, қолдау көрсету және ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр, терме жанрын дамыту» дейді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының ​ орынбасары Айнагүл Дүйсекенова. ​ ​ ​

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика