Суретшілер симпозиумы

Индер ауданының 90 жылдық мерекесіне орай аудандық «Туған жерім – менің көзіммен» тақырыбында суретшілердің симпозиумы жаңа мәдениет үйінде өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласынан туындап, жүзеге асып жатқан «Туған жер» бағдарламасы негізінде шежірелі ауданның тарихы мен табиғатын, құндылықтары мен байлығын көркемсурет арқылы паш ету мақсатындағы шараға 11 қылқалам шебері қатысты. Ал олардың еңбектерін облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары бағалады.

Алдымен сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева бүгінгі суретшілер симпозиумының негізгі мақсатын айтса, «Көктем» қазақ орта мектебінің мұғалімі Ғизат Сейітқазиев өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, қолөнер бұйымдарының жасалу тарихы жайын тілге тиек етті. Бұл суретшінің көрмеде қойылған түрлі үлгідегі қолөнер бұйымдарының бәрі көздің жауын алады. Аталмыш көрмеге қойылған заманауи 3D форматында дайындаған дүниелері қонақтарды үлкен әсерге бөледі. Суретші енді бұл үрдісті әлі де жандандырып, аудан халқына жақын арада ұсынатынын жеткізді. Ал Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Тілек Халин сайыскер суретшілерге сәтті қадам тілеп, өзінің шығармашылығымен бөлісті.

Суретшілердің жұмыстары дайын болғанша құрметті қонақтар мәдениет үйінің көрермендер залында Р.Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Дирижер       Айгерім Мусаеваның сүйемелдеуімен оркестр Құрманғазының «Серпер», «Саранжап», «Адай», Н.Тілендиевтің «Еңбек қуанышы», Ә.Бейсеуовтің әндерінен «Попури» орындаса, жеке дауыста Еркін Аубәкіров халық әні «Ағайша», Ерболат Каримов «Ауылымды сағындым», Мұратбек Жұмашев «Саржайлау» әндерін шырқап шаттыққа бөледі. Кеш соңында Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Ұлдай Аманғалиева кішкентай ғана концерттің жүрекке үлкен әсер қалдырғанын айтып, қарлығаштың қанатындай сермеп, дирижерлық жасаған Айгерім Асхатқызының еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

Міне, байқаудың қорытынды бөлімінде қатысушылар Жанар Мұханбетжанова (Қ.Абаханов), Самал Слекенов (С.Сейфуллин), Нұрбол Габдешов (Б.Нысанбаев), Мұрагер Кенжеғалиев (М.Әуезов), Аманқос Әбілқасов (Бөдене), Нұрлыбек Бекетов (Махамбет), Маншүк Мұхамедиярова (Ш.Уәлиханов), Бақберген Шамшенов (Гребенщик),  Нұрбол Исағалиев (Өнер мектебі), Бағыт Миянов (Оқушылар ш/о), Мұратбек Қазиев (Аққала) қағаз бетіне әртүрлі бағытта салған суреттерін сөйлетті. Олардың бірі – Қазақстан табиғаттарының таңғажайыптарын аудан жерімен ұштастыра бейнелесе, енді бірі – суреттерін туған жеріне, ауданның мерекелі жылына арнады.  

Шара соңында Тілек Халин әр суретшінің талғамдарына сай салынған суреттеріне баға берсе,  облыстан келген қонақтар осындай шара жалғасын тауып, ұстаздардың шәкірттері көбейе берсін деген тілектерін білдірді.

Қатысқан қылқалам шеберлеріне бөлімнің Алғыс хатын Жеміс Базарғалиқызы салтанатты түрде табыстады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұңғыш рет өтіп отырған аудандық суретшілер симпозиумы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Диас АЙБАРОВ.

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика