Студенттердің-«Шаттық Отаны»

Өңірге танымал «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атыраудағы саз колледжінің Астананың 20 жылдығына және осы ұжымның құрылғанына 60 жыл толуына арнап ауданға келіп қойған концерті  «Шаттық Отаны» деп аталды.

Бұл концертке жастық жүрген жерде қашанда жасампаз жалыннан туған жаңалық, тың ізденіс туатынын күткендей көрермендер де көптеп жиналып, өнерпаздарды қолдап, ықыласпен қол соғып отырды.

Концертті ұлт-аспаптар оркестрі (дирижерлер Ержан Қитаров пен Болат Долданов) сазгер Сыдық Мұхамеджановтың «Шаттық Отаны» шығармасымен ашып, одан әрі Д.Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», Құрманғазының «Адай», Ықыластың «Жезкиік», Түркештің «Көңіл ашар», Н.Тілендиевтің «Махамбет», тағы басқа да күйлерін төгілтті.

Соңғы кезде дәстүрге айналып жүрген күй-тартысқа да кезек тигенде домбырашылар Серік Әлібеков, Болат Долданов, Жәнібек Жәмиев, Амантай Елешовтер  шеберліктерін аянып қалмады.

Сол секілді өнерпаздар Оспан Жанарыс пен Зинор Нұрғожа жерлестері Қаршыға Ахмедияровтың «Күткенде» шығармасын орындап берді. Қазақ сазгерлерінің бірнеше туындыларының басын қосқан  Айгүл Сапанова, Нұргүл Нұрмұқанова, Гүлбану Төлепбергенова, Маруә Уәли, Нұрсәт Алмас орындаған попури де (концертмейстері Алма Сыздықова) барынша тартымды шықты.

Мұндай таңсық топтық өнерге жерлесіміз, республикаға танылып үлгерген елтайлық жас Айбек Баймұқатов жетекшілік ететін кол-камералық хорын да жатқызуға болады. Олар «Су тасушы қыз», «Жанарым», италиялық «Ямайка», тағы басқа шығармаларды орындауы көрермендерді бір серпілтті.

Өнерпаз  Сардарбек Әбілов саз сырнаймен орындаған «Әләулім», Абайдың «Сырымды тоқтайын айта бермей» атты әнін шырқаған Ідірбай Байбақты өнерлері де индерлік көрермендерден лайықты бағасын алды.

Негізі әлемге танымал қазақ даласының халық аспаптар мен дәстүрлі өнерге деген ұмтылыс жасаушыларды тәрбиелеп, шеберліктерін 60 жыл бойына шыңдап, қанатын қатайтып, көркемөнер жолына салатын оқу орнының ізденіс жолында екендігі де осы бағдарлама барысында анық байқалды. Оларға тек сәттілік тілейміз.

Ал концерт соңынан аудан басшылығы атынан ықылас гүлі сахнаға шығарылып, студенттер мен мұғалімдері өнерлері Алғыс хатпен атап өтілді.

С.БИСЕНОВ.

Суретті түсірген автор.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика