«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» VI байқауы ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен бірлесе отырып, 6-шы рет өтетін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауын ашық деп жариялайды.

Біз 2014 жылдан бастап өз жұмыстарында қазақстандық болмыстың түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, анық және объективті баяндаған және өз материалдарын БАҚ-та жариялаған шетелдік авторларды іріктеп келеміз. Ұйымдастырушылар VI сайысты Қазақстанның егемендігінің 30 жылдығына арнау туралы шешім қабылдады.

Байқауға қатысуға 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады. Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы және «Бас редакторлар клубының» басшысы кіретін қазылар алқасы анықтайды. Өтінімдерді 2021 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды поштасына жолдау қажет.

Оңтүстік және Солтүстік Америка; Еуропа;

ТМД және Балтық елдері;

Таяу Шығыс және Африка;

Азия-Тынық мұхит аймағы елдері болып жіктелген географиялық бағыттардан іріктелген 5 жеңімпаз 2021 жылғы тамыз айында Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалалары мен Бурабай демалыс аймағына бару және ауқымды мәдени бағдарлама кіретін, Қазақстанға сапар шегу жүлдесіне ие болады.

Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік авторлардың арасындағы ұзақ мерзімді байланыс және ынтымақтастық құруға жәрдемдесу үшін байқау жеңімпаздарының мемлекеттік сектордың өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қызметкерлерімен кездесулері ұйымдастырылатын болады.

Байқау қорытындысын 2021 жылдың 1 тамызына дейін жариялауды жоспарлауда. Байқау ұйымдастырылған өткен жылдары шетелдік БАҚ-тардың Қазақстанға, оның мәдениетіне, экономикасы мен халқының өміріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтады.

 www.gov.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика