ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын!
Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
inform.kz